Пост кедендік бақылау басқармасы
СЭҚ қатысушыларына камералдық және көшпелі кедендік тексерулер жүргізу. Тексеру іс-шараларын жоспарлау үшін СЭҚ қатысушыларының қызметіне қатысты материалдарды жинау, қорыту және талдау. Импорты кезінде есепке алу әдісімен төленген ҚҚС тауарларының мақсатты пайдаланылуын бақылау. Тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асыру. Тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулермен ұштасатын, кедендік әкелу баждары мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру. Кеден одағы комиссиясының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №289 шешіміне сәйкес ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуге байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау. СЭҚ қатысушыларының өтініштері бойынша консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру