ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Инвестициялық жобаларды дайындау басқармасы
Басқарма міндеттері:
- автомобиль жолдарын дамыту бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерін қорытындылауы кезінде қатысу;
- автомобиль жолдарын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастығын ұлғайту;
- Грант және қарыздар туралы келісімдердің күшіне ену, ратификациялану және қол қоюына керек іс-шараларды жүзеге асыру;
- Басқарма құзыреті шегіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және халықаралық сатып алуды өткізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
- жол саласындағы әлеуметтік және экологиялық саясатты жоспарлау;
- өз құзыреті шегінде, инвестициялық жобаларды іске асыруы бойынша республикалық бағдарламаларды іске асыру үшін қаржы қаражаттарын, материалдық және адам ресурстары қажеттілігінің негіздемесін дайындауға қатысу;
- автомобиль жолдарын қайта құру және құрылыс кезінде қажет сапаны, жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету;
- республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту кезінде бағаның құрылуы және жобалау әдістемесін әзірлеу барысында қатысу;
- инвестициялық жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау және жобалық-іздестіру жұмыстарының барысы бойынша мониторинг жасау;
- техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету;
- ғылыми-техникалық кеңестің жұмысын ұйымдастыру;
- жобалық шешімдердің анализін жүзеге асыру;
- инвестициялық жобалар бойынша салалық қорытындыларды тарату;
- жер учаскелерін сатып алу, сонымен қатар бөлінген жер учаскелерінің құқығын орнататын құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және мониторингілеу;
- жол саласы бойынша стратегиялық құжаттамаларды және жұмыстың бағдарламалық жоспарларын әзірлеу және іске асыруына қатысу;
- Басқармаға сәйкес бағдарламалар бойынша бюджетті құрастыруы кезінде көмек көрсету, келісу кезңнде қатысу;
- мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Ұлттық операторды қаржыландыру;
- Заңнамамен орнатылған тәртіппен басқа функцияларды орындайды.