Лицензиялау және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың негізгі міндеттері:

    1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

    2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензияны беру;

    3) өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

    4) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша семинар-кеңестер, өзге де іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

    5) өз құзыреті шегінде Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

    6) Министрліктің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру.

    Басқарма қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

    1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласы бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

    2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау;

    3) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдарға өз құзыреті шегіне кіретін мәселелер бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсету;

    4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

    5) ҚР ЕХӘҚМ біліктілікті арттыру курстарында оқу іс-шараларына, дәрістерге қатысу;

    6) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.