Дербес деректерді қорғау басқармасы
Жалпы ақпарат
Дербес деректерді қорғауды дамыту басқармасының қызметі:
- дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу;
- дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауды қамтамасыз ету;
- Басқарма құзыреті шеңберінде дербес деректер субъектісінің өтініштерін қарау;
- субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
- Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын әзірлеуге тікелей қатысу;
- Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеуге тікелей қатысуы;
- Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге тікелей қатысуы;
- Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге тікелей қатысу;
- куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүзеге асыру;
- Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеуге тікелей қатысу;
- құзырет шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру;
- Басқарманың (БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауы;
- нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, құзыреті шеңберінде Министрліктің іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстан рейтингін арттыру бойынша тікелей қатысу;
- Дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу;
- дербес деректерді қорғау бөлігінде Комитеттің қызметін жария ету және түсіндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Комитеттің құзыретіне кіретін халықаралық шарттарды жасасу және жүргізу;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарына, кеңестерге, комиссияларға, отырыстарға, мемлекеттік органдарға, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және өзге де ұйымдарға қатысу;
- әзірлеушісі Басқарма болып табылатын немесе Басқарма құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуге қатысу;
- Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен өзге де өтініштерін қарау;
- Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын орындауға қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыруға бағытталған.