Берешектермен жұмыс басқармасы
Басқарманың құзыреті шегінде салықтарды, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, БЖЗҚ-дағы МЗЖ, МКЗЖ, МӘСҚ-дағы СБ және МӘМС алуды бақылау;
Салық берешегін өтеу туралы хабарламалардың уақтылы және толық берілуін бақылау;
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдердің және касса бойынша өкімдердің уақтылы шығарылуын бақылау және жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізу қажет болған жағдайда төлеушінің касса бойынша РПРО талаптарын сақтауын тексеру және дебиторлық берешектің болуын белгілеу;
Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімдердің уақтылы шығарылуын және билік етуінде шектелген мүліктердің тізімдемесі актісінің жасалуын және қаулылардың шығарылуын және электрондық аукцион арқылы өткізу үшін "ҚПҚ" АҚ-ға уақтылы берілуін бақылау;
Салық төлеушілер мен оның дебиторларының шоттарына инкассалық өкімдердің уақтылы қойылуын бақылау және дебиторларды тексеру;