Берешекпен жұмыс жөніндегі басқарма

    Жалпы ақпарат

    Қызметтері:

    1) Берешекті өндіру бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жұмыстарын талдау жүргізу, шолу хаттарын дайындау;

    2) Салық төлемеушiлерге салықтарды төлету қарастырылған шаралардың дұрыс қолданылуын бақылау;

    3) Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ұсыныстарын орындалуын бақылау және тексеріс материалдарын жүзеге асыру, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары жұмыстарының ұйымдастырылуына тексеріс өткізу және ұйымдастыруға қатысу;

    4) Төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң оңалту және банкроттық рәсімдердің дұрыс өткізілуін бақылау;

    5) «Оңалту және банкроттық туралы» Заңда көзделген ықпал ету шараларын кейіннен қолдана отырып төлеуге шамасы келмейтін салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметін талдау;

    6) Банкрот деп танылған шамасы жоқ борышкерлерді тану, мәмiлелерiн жарамсыз деп тану бойынша сот органдарына шағым өтініштерін беру жұмысын ұйымдастыру;

    7) Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне шектеулі мүлкін іске асыру жөніндегі «Оңалту және активтерді басқару жөніндегі компания» акционерлік қоғамымен жұмыс ұйымдастыру.

    8) барлық меншік нысандары шамасы жоқ шаруашылық субъектілерін қайта құру, тарату, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу кезінде кредиторлар комитетінің құрамында мемлекеттік кірістер басқармаларының жұмыстарын талдау, шолу хаттарын дайындау;

    9) кредиторлар жиналысының кандидатурасын ұсынған оңалту басқарушы немесе банкроттық басқарушыны тағайындау;

    10) Оңалту және банкроттық басқарушысын шеттету;

    11) Борышкердің мүлкін (активтерін) сату үшін электронды аукционды өткізу тәртібін сақталуына бақылау;

    12) Бақылауды, оның ішінде борышкердің мүліктік массасын тексеруді жүзеге асыру, борышкер – банкроттың мүліктік массасының сатылуын есепке алу, берешекті өтеу және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық төленуін жүргізу;

    13) Мүліктік борышкердің мүліктік массасына қайтару жөнінде шаралар қабылдау;

    14) Қасақана және жалған банкроттық белгілерін анықтау бойынша тиісті жұмысты жүзеге асыру және экономикалық тергеу қызметімен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсету;

    15) Оңалтуды басқарушының оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарау;

    16) Әдейі банкроттық белгілерін анықтау;

    17) Уәкілетті органның интернет-ресурсында:

    - банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы;

    - уақытша басқарушы кредиторлардың талап өтініші тәртібімен және банкроттық туралы істі қозғау туралы;

    - уақытша әкімшілік кредитордың талап өтініші тәртібімен және оңалту рәсімін қабылдау туралы;

    - оңалту және банкроттық рәсімдерде кредиторлардың жиналысын өткізу туралы хабарламалары орналастыру.

    Міндеттері:

    1) Басқа да бөлімдерімен бірлесіп салықты, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды жинау, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсiмiн жүргізу шарттары мен тәртібін бақылау жұмыстарын қадағалау;

    2) Салық берешегін, жинақтық зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік жарналар бойынша қарыздарды төлеу туралы, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу шеңберіндегі кредиторлық берешекті төлеу сұрақтары бойынша қызметкерлерге кеңес беру;

    3) Басқа да бөлімшелермен бірлесіп салық берешегін өндіріп алу, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберіндегі салық берешегiн өңдеу сұрақтары бойынша түсіндіру жүргізу;

    4) Аудандық және қалалық басқармаларының қызметі бойынша, оның ішінде бюджетке төленетін салықты, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды өңдеу бөлігінде және оңалту мен банкроттық рәсімін жүргізу бойынша жүйелі ретте есеп жүргізу;

    5) Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына және басқада да құрылымдық бөлімшелерге бюджетке салықты, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды жинау сұрақтары бойынша, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде кредиторлық қарызды өңдеу сұрақтары бойынша тәжірбиелік көмек көрсету;

    6) Салықты, зейнетақы және әлеуметтік жарналарды жинау, сонымен қатар оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу жұмыстарын жетілдіру бойынша дамыту іс- шараларын әзірлеу;

    7) заңда белгіленген мерзімдерде азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарастыру;

    8) өз құзыреті шеңберінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, сонымен қатар мемлекеттік кірістер Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне түсіндірулерді ұсыну;

    9) бар-жоғы және банкроттық туралы заңды күшіне енген сот шешімі осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, болып отырған жеке тұлғалардың банктік шоттарын нөмірлері туралы ақпаратты уақытша және банкроттық басқармасына ұсыну;

    10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауға және алдын алу мақсатында адам ресурстары Басқармасына дереу хабарлау;

    11) Бекітілген кестеге сәйкес облыстың аумақтық салық басқармаларының тақырыптық және кешенді тексерулеріне қатысу;

    12) салықтық құпияны сақтауға және оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалған құпия ақпаратты таратпауға.

    Құқықтары:

    1) басқармадан нормативтік-құқықтық актілерді алуға;

    2) белгіленген тәртіпте өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды сұрауға;

    3) жұмысымен байланысты кемшіліктерді жою үшін басшылыққа тиісті ережелерін енгізу;

    4) салық төлеушілермен жұмыс қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шараларға қатысу;

    5) «Оңалту және банкроттық туралы» заңында табылған бұзушылықтар жағдайларда әкімшілердің шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігі) сотта даулау;

    6) мәміле банкроттық жағдайда басталғаннан кейін жеке кредиторға немесе басқа тұлғамен борышкер жасасқан егер оның банкрот жарамсыз деп тану борышкер жасасқан мәмілелерді тану үшін өтініш беру, басқалармен салыстырғанда белгілі бір кредиторлардың артықшылықты қанағаттанушылығын қамтиды;

    7) тәртіп және заңдық жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастыру;

    8) әкімшінің әрекетіне шағымдарды қарастыру ;

    9) белгіленген тәртіппен кітаптар, көбейген және олардың басқару міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да ұйымдастыру әдістерін алу;