ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Персоналмен жұмыс басқармасы
Жүктелген міндетке сәйкес Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комитет пен оның аумақтық органдарының кадр мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) Комитет пен оның аумақтық органдарының қызметін регламенттейтін ұйымдастыру сипатындағы құжаттарды әзірлеу;
3) кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдеу;
4) белгіленген тәртіппен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауды және олардың қызметін бағалауды ұйымдастыру;
5) мемлекеттік қызмет өтілін айқындау жөніндегі комиссияның, конкурстық және аттестаттау комиссиясының, Министрлік жүйесі органдарының қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі комиссияның және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ аталған жұмысты Комитеттің аумақтық органдарында жүргізу жөнінде консультациялық көмек көрсету;
6) мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар жазу;
7) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқытудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды, оның ішінде әскери есепке алуды жүзеге асыру, белгіленген есептілікті ұсыну;
8) е-Қаржымині жобасының «Кадрлық әлеуетті басқару, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кадр құрамы жөніндегі есептерді қалыптастыру және ұсыну» шағын жүйесінде жұмысты жүзеге асыру;
9) Комитеттегі жеке құрам, демалыс және іссапарлар жөніндегі бұйрықтардың тіркелуін қамтамасыз ету;
10) Комитеттің аумақтық органдарында мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша тексеруді жүзеге асыру және практикалық көмек көрсету;
11) жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша демалыс кестесін жасау және оның сақталуын бақылау;
12) Комитет Төрағасында немесе оның орынбасарларында өтетін жедел кеңестердің, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарының қатысуымен өтетін Комитет кеңестерінің хаттамаларын ресімдеу және хаттамалық тапсырмалардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру;