Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Басқарманың негізгі міндеттері:

    - Департамент пен басқарма жұмысының негізгі стратегиясын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына (бұдан әрі – аумақтық МКБ)жеткізу;
    - Басқармаға берілген өкілеттіктер шегінде нормативтік және құқықтық актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу;
    - оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда)жүргізуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    -"соттан тыс банкроттық рәсімі" мемлекеттік қызметінің уақтылы және сапалы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру;
    - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру