Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы ІІО МКҚ бөлімшелерінде стратегиялық, бағдарламалық және ведомстволық құжаттарда көрініс тапқан кадр саясаты талаптарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кадрлық, идеологиялық және тәрбиелік жұмысты, қызметтік, дене және психологиялық даярлықты, имидждік қызметті және тәртіпті ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық тұрғыдан басқарады. Тәлімгерлік институтының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жетекшілік етеді, сондай-ақ Комитеттің кадрлық, тұрғын үй, конкурстық және тәртіптік комиссияларының жұмысын басқарады. ІІО МКҚ бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын қалыптастыру және басқару аппаратын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге басшылық жасайды. Комитетте және ІІО МКҚ бөлімшелерінде идеологиялық және тәрбиелік жұмыс, тәртіпті нығайту, сондай-ақ имидждік қызмет мәселелерін үйлестіреді.