«Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады, мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген функцияларды жүзеге асыру үшін құрылады.
Мекеменің уәкілетті органы "Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.