"Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" РММ-ның Электр желілері және қондырғыларын бақылау басқармасы
Жалпы ақпарат
Электр желілерін және қондырғыларды бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге әкеп соққан электр желілері жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді, Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияларға қатысады.