Өсімдіктер карантині басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Міндеті: реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, сондай-ақ өсімдіктер карантині саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу.

    Функциялар:

    1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарында заң жобасын қарау кезінде қатысады;

    3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма мен Комитетті (басшылықтың тапсырмасы бойынша) ұсынады;

    4) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;

    5) Мемлекеттік сатып алуға қатысады;

    6) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтауға тексеру жөніндегі, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі, карантиндік аймақтарды салу туралы, карантинге жатқызылған өнімді тексеру туралы, көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы, берілген нұсқамалар және басқалар жөніндегі іс-шаралардың барысы туралы ақпаратты (есептерді) жинауды және талдауды жүзеге асырады;

    7) пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қолдану жөніндегі жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер қорын құрады, оның ішінде карантиндік аймақтарда;

    8) өсімдіктер карантині саласындағы ақпаратты (есептерді) жинауды және талдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндік объектілердің болуы және таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және оны мүдделі тұлғаларға сұрау салу бойынша ұсынады;