«Қарағанды облысының дін істері басқармасы»ММ Діни ахуалды талдау, діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімі
1. Қарағанды облысының аумағында конфессияаралық қатынастардағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерттеу, қорытындылау және талдау;
2. Облыстағы діни ахуалды зерттеу, талдау және болжау;
3. Мүдделі органдарын дін саласындағы теріс және басқа да оқиғалар туралы уақытында ақпараттандыру;
4. Діни экстремизм идеяларын насихаттайтын, құқықбұзушылық сипаттағы материалдарды интернет желісінің қазақстандық сегментінде таратуды шектеу үшін зайырлы және діни сипаттағы бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу;
5. Тұрғындардың түрлі санаттарымен конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту, сонымен қатар діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру.