Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы

    Жалпы ақпарат

    1) тиістіаумақтаазаматтыққорғаудыңмемлекеттікжүйесініңжұмысістеуі мен оданәрідамуынқамтамасызету;

    2) азаматтыққорғаукүштерініңқызметінқамтамасызету;

    3) табиғижәнетехногендіксипаттағытөтеншежағдайлардыңалдыналуғажәнеолардыжоюға, өртқауіпсіздігінқамтамасызетугежәнетиістіаумақтаазаматтыққорғаныстыұйымдастыруғабағытталғаназаматтыққорғауіс-шараларынұйымдастыружәнеөткізукезіндеазаматтыққорғаукүштерінебасшылықжасау;

    4) тиістіаумақтатабиғижәнетехногендіксипаттағытөтеншежағдайлардымемлекеттікесепкеалудыжүргізу;

    5) өз құзіреті шегінде азаматтық қорғау мәселелері бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

    5-тармақшаға ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.

    6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

    7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тарту;

    8) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілігін анықтау үшін Департаментке және аудан әкімдігіне ұсыныстар дайындау;

    8-тармақшаға ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.

    9) тиісті аумақта орналасқан қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

    10) басқару органдарын және азаматтық қорғау күштерін дайындаудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

    10-тармақшаға ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.

    11) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығына бекіту үшін енгізу;

    12) тиісті аумақта төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;

    13) 13-тармақша алып тасталды.

    13-тармақша ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес алып тасталды.

    14) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

    15) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

    16) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

    17) қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

    18) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

    19) тиісті аумақта өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

    20) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

    21) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;

    22) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;

    23) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    24) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    25) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;

    26) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

    27) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылытарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарды, тексеру қорытындысы туралы актілерді беру;

    27-тармақшаға ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.

    28) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарды, тексеру қорытындысы туралы актілерді беру;

    28-тармақшаға ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.

    29) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу туралы өтініштерді сотқа жіберу үшін материалдарды дайындау;

    30) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

    31)31-тармақша алып тасталды.

    31-тармақша ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес алып тасталды.

    32)32-тармақша алып тасталды.

    32-тармақша ҚР Ішкі істер Министрлігі Төрағасының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №245 бұйрығына сәйкес алып тасталды.

    33) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;

    34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

    35) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.