Управление ПО ЧС АУЭЗОВСКОГО РАЙОНА
1) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу;
6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-аналитикалық қызметін жүзеге асыру;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тарту;
8) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Департаментке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
9) тиісті аумақта орналасқан қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
10) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
11) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығына бекіту үшін енгізу;
12) тиісті аумақта төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
13) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;
14) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
15) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
16) қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
17) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
18) тиісті аумақта өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
19) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
20) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;
21) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;
22) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
24) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
25) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
26) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
27) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар беру;
28) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу туралы өтініштерді сотқа жіберу үшін материалдарды дайындау;
29) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
30) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;
31) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
32) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;
33) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.