Управление ПО ЧС АЛМАЛИНСКОГО РАЙОНА

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы
    Төтенше жағдайлар министрінің
    2020 жылғы 03 желтоқсандағы
    № 60 бұйрығына
    10-қосымша

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алмалы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже

    1. Жалпы ережелер
    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алмалы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
    3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабанлары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
    5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    6. Егер Басқармаға заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7. Басқарма өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басқарма бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Басқарманың заңды мекенжайы: 050016, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 172.
    10. Басқарманың толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алмалы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
    11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
    12. Басқарманың қызметін жүзеге асыруға шығыстар Департамент құрамында республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
    2. Басқарманың міндеттері:

    1) азаматтық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

    2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

    3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    4) өттердің алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;

    5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде анықтауды жүзеге асыру.

    1. Басқарманың функциялары:

    1) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

    2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

    3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

    4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

    5) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу;

    6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-аналитикалық қызметін жүзеге асыру;

    7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тарту;

    8) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Департаментке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

    9) тиісті аумақта орналасқан қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

    10) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

    11) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығына бекіту үшін енгізу;

    12) тиісті аумақта төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;

    13) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

    14) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

    15) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

    16) қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

    17) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

    18) тиісті аумақта өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

    19) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

    20) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;

    21) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;

    22) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    23) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    24) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;

    25) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

    26) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

    27) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар беру;

    27-1) қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру;

    27-2) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың бөлімшелерімен, сонымен қоса басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

    28) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу туралы өтініштерді сотқа жіберу үшін материалдарды дайындау;

    29) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

    30) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;

    31) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

    32) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

    33) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

    1. Құқықтары және міндеттері:

    1) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

    2) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғаудың мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

    3) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

    3-1) сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды, ақпараттық жүйелерді пайдалану;

    3-2) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды немесе хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау;

    4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

    1. Басқарма қызметін ұйымдастыру
    2. Басқармаға басшылықты анықтау органының бастығы болып табылатын бастық жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді.
    3. Басқарма бастығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
    4. Басқарма бастығының өкілеттілігі:

    1) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

    2) өз өкілеттілігі шегінде Департаментте, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесіне өкілдік етеді;

    3) Министрлік қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрліктің және Департаменттің актілері мен тапсырмаларын орындайды;

    4) аудан аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады;

    5) Департамент бастығына Басқарманың айрықша көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар беру, әскери және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының орта және аға басшы құрамының арнаулы атақтарын мерзімінен бұрын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтарынан бір дәрежеге жоғары беру бойынша ұсыныстар береді;

    6) өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды, сондай-ақ нұсқаулар береді;

    7) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

    8) Басқарма қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

    9) Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Департамент бастығына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

    10) Департаментке жыл сайынғы есепті және белгіленген мерзімде Басқарма қызметінің нәтижелері туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етеді;

    11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

    12) Департаментке Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану, тәртіптік жазаларды алу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы өтініш жасайды;

    13) оның құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

    14) бағынышты бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әр фактісі бойынша дербес жауапкершілікте болады;

    15) Алматы қаласының Алмалы ауданы аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел басшысы болып табылады;

    16) гарнизон қызметін ұйымдастырады және бақылайды, гарнизон бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін тексереді, сондай-ақ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысында көрсетілген өзге де құқықтары мен міндеттері бар;

    17) ұжымда моральдық-психологиялық климаттың, қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйіне, сондай-ақ бағынышты бөлімшелер қызметкерлерінің заңдылықты және қызметте, тұрмыста міндетті жүріс-тұрыс нормаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

    18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

    1. Басқарманың мүлкі
    2. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

    Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
    2. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    ______________________