Төлем операциялары басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың негізгі міндеттері мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша аударым операцияларын жүзеге асыру және есепке алу, бюджет заңнамасында көзделген қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шоттарды ашу, жүргізу және жабу, сондай-ақ шетел валютасындағы операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу болып табылады.

    Көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін басқарма мынадай функцияларды орындайды:

    Белгіленген кестеге және операциялық күн режиміне сәйкес Бірыңғай қазынашылық шоттағы қалдық шегінде мемлекеттік бюджет төлемдерін ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйелеріне өңдеу, бағыттау және жөнелту;

    ҚР Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінен Екінші деңгейдегі банктерден төлемдер қабылдау, оларды өңдеу және қазынашылықтың ақпараттық жүйесіне экспорттау;

    қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде ішкі төлемдерді жүргізу;

    қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасы банктерінің анықтамалығын жүргізу;

    құзырет шегінде қазынашылықтың ақпараттық жүйелерін түзету кезінде сынақтамалық жұмыстарға қатысу;

    өтінімдерді қарау және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және Мемлекеттік мекемелердің шоттарын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, Мемлекеттік сатып алу шоттарын ұлттық және шетел валютасындағы шоттарды ашу және жабу;

    Комитеттің шетел валютасында корреспонденттік шоттарын қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде ашуды, түзетуді және жабуды жүзеге асыру;

    қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде шетел валютасында ақша алушылардың өтініші негізінде енгізуді және мәліметтерді түзетуді жүзеге асыру;

    қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде шетел валютасын айырбастауға, қайта айырбастауға өтінімдерді және кейіннен ҚР Ұлттық Банкіне жөнелтумен шетел валютасында ақша аударуға арналған өтініштерді қалыптастыру;

    Комитеттің шетел валютасындағы шоттары бойынша Ұлттық Банктен электрондық құжаттар алу, шетел валютасындағы түсімдерді есептеу;

    Қазақстан Республикасының резидент еместерінен түскен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына немесе бюджетке есептеуге арналған шетел валютасын айырбастау;

    есепті кезеңде Ұлттық банкпен шетел валютасындағы корреспонденттік шоттар бойынша қалдықтарды күнделікті салыстырып тексеруді жүзеге асыру.