Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті Мемлекеттік қызметтерді перспективалық дамыту басқармасы

    Жалпы ақпарат
    • мемлекеттік қызметтер саласына заманауи технологияларды енгізуді үйлестіру.
    • Стратегиялық функциялар:
    • мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;
    • Басқарманың құзыреті бөлігінде цифрлық дамудың тұжырымдамаларын, стратегияларын және жол карталарын әзірлеуге қатысу.
    • Реттеуші функциялар:
    • мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрлық сервистер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, келісуге және сараптама жасауға қатысу;
    • мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
    • мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
    • проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін әзірлеу.
    • Іске асырушы функциялар:
    • мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жоспарларын келісуді қамтамасыз ету;
    • қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсету;
    • Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді дамыту және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
    • жетекшілік ететін бағыттар бойынша бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік сатып алу жоспарларын қалыптастыру жұмысына қатысу;
    • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және түсіндірмелер беру.
    • Өз құзыреті шегінде Басқарма:
    • жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
    • мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша кеңестер мен жұмыс топтарын бастамашылық етуге;
    • нормативтік құқықтық актілерді және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сарапшылар мен мамандарды тартуға;
    • қолданыстағы заңнама шеңберінде пилоттық жобалар мен технологиялық эксперименттерді бастамашылық етуге құқылы.
    • Басқарма өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіктерге ие.
    • Басқарманы Комитет Төрағасының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.
    • Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.