Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Жалпы ақпарат

    "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.

    Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ "Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.