Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Міндеттері:

    • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) өртті сөндіруді ұйымдастыру;

    3) өрттерді сөндіру және олармен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

    4) өрт сөндіру бөлімшелерінде қызмет өткеретін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тактикалық-арнайы даярлауды және тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру;

    5) ден қоюға әзірлікті арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өрттерді сөндіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

    6) өрттерді зерделеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;

    7 ) өрт сөндіру бөлімшелерінде жедел-қызметтік қызметті ұйымдастыру;

    8) көрші облыстардың мемлекеттік өртке қарсы қызметтерімен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

    9) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.

    10) қызметтік Автокөліктегі жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    11) өрт сөндіру бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

    12) мемлекеттік сатып алудың жыл сайынғы бюджеттік өтінімін қалыптастыру үшін өрт сөндіру бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, өрт сөндіру депосының ғимараттарын салу және күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі қажеттілікті айқындау.