Мониторинг және профилактика басқармасы
Мониторинг және профилактика басқармасы
Мониторинг және профилактика басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ойын бизнесін және лотерея қызметін реттеу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Басқарманың құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы бекітеді.