Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасы
Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасы келесі функцияларды көрсетеді:
1) лицензиялау мен аттестаттау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне бақылау;
2) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
5) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
6) лицензиялау мен аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелікті қамтамасыз ету;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшылардың және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау.
8) заңнама жобаларын және басқа да нормативтік актілерді жетілдіруге қатысу, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған, нормативтік-техникалық актілер және құқықтық нормаларды жетілдіруге қатысу;
9) Комитет басшыларының тапсырмасымен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.