Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы

    Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы

    Жұмылдыру дайындығы және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; Министрлікте, оның ведомстволық ұйымдарында және оқу орындарында ақпараттық қауіпсіздік саясатын анықтауды; Мемлекеттік құпия болып табылмайтын ақпаратты техникалық қорғау тәсілдері мен құралдарын таңдауды; Ақпараттық қауіпсіздікті болжау және уақтылы анықтауды; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді; Құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел және техникалық ақпараттармен алмасу жолымен өзара іс-қимыл жасаудың белгіленген тәртібінде жүзеге асырады.