Жұмылдыру, кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасы
Кадр саясаты және құжатайналым басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Комитеттің кадр саясаты қызметін (кадр қызметі) және құпия емес іс жүргізу жөніндегі қызметін, Комитет төрағасының (оның орынбасарларының) бұйрықтарының, нұсқаулықтары мен тапсырмаларының Басқарма құзыретінің шегінде орындалуын ұдайы бақылауды қамтамасыз ету міндеттерін шешеді. Сондай-ақ министрліктермен және ведомстволармен, өзге де орталық атқарушы органдармен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен кадр саясаты бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.