Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма мына функцияларды атқарады:
1) кедендік, салықтық, құқық қорғау және өзге де шет мемлекеттердің органдарымен, өңірлік бірлестіктермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Комитеттің мүдделерін білдіру;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің шет мемлекеттерге сапарларына, шет мемлекет басшыларының Қазақстан Республикасына сапарына, Комитет басшылығының кездесу және шет мемлекет өкілдерімен, делегациялармен келіссөздер мен кездесулер үшін материалдар даярлау, сондай-ақ кездесулердің қорытындылары бойынша жоспарлардың орындалуы;
3) Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен, ұйымдармен, сондай-ақ экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу мен тексеру шараларын әзірлеуде шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс- қимылды ұйымдастыру;
4) Комитеттің қызметіне қатысты озық шетелдік тәжірибе туралы ақпаратты Комитетте талдау, жинақтау және тарату.
5) «өкілдік шығындар» 006 және «шетелдік іссапарлар» 005 бағдарламалары бойынша қаржы құралдарын жоспарлау және мониторингтеу;
6) шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарының және халықаралық ұйымдардың делегацияларын қабылдауды ұйымдастыру;
7) Комитеттің құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды, шетелдік ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ ақпараттық технологияларды және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауды қамтамасыз ету;
8) Комитеттің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен халықаралық ынтымақтастық мәселесі бойынша әрекеттесу;
9) Комитет құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардың (келісімдердің) жүйелі есебін жүргізу және сақтау;
10) Комитеттің қызметі шеңберінде Басқарманың құзыреті шегінде халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру (бұдан әрі – халықаралық шарттар) және оларды жасау жөніндегі келісөөздерге қатысу;
11) Комитет құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп шетел мемлекеттерімен өңірлік бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу, жасалған шартқа қол қою дайындығына қатысу;
12) Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Комитеттің келісуіне келіп түскен нормативтік құқықтық актілері мен құқықтық актілерінің жобаларын қарауға қатысу;
13) Қазақстан республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу;
14) Комитет құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп шетел мемлекеттермен, өңірлік бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттардың жобалалары бойынша мемлекетшілік рәсімдерін өткізуді қамтамасыз ету ;
15) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын өңірлік бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың шеңберінде қабылданған Комитет құзыреті бойынша халықаралық шарттардың және шешімдердің орындалуын мониторингтеу;
16) Комитеттің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасында тіркелген елшіліктермен, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және консулдық мекемелерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамассыз ету;
17) Комитеттің құзыреті шегінде, кеден ісі, салықсалу, сондай –ақ құқық қорғау қызметінің мәселері бойынша халықаралық құқықтық базасын пысықтауға қатысуы.