Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың міндеттері:

    1) республика бойынша тіл оқыту жұмысының оқу-әдістемелік базасын қалыптастыру және үйлестіру;

    2) мемлекеттік тілдегі контентті арттыру;

    3) тіл мәдениетін жетілдіру;

    4) қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейту.

    Басқарманың функциялары:

    1) тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

    2) оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдарды, оның ішінде электрондық тасығыштарда әзірлеу,

    3) оқу-әдістемелік процесті жетілдіруге және оқытушыға тәжірибелік көмек көрсетуге, біліктілігін арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік шаралар ұйымдастыру (семинарлар, байқаулар, конференциялар және т.б.);

    4) қазақ тілін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдардың жобаларына сараптама жүргізу. Үздік әдістемелерді айқындап, оқыту процесіне енгізу;

    5) республикадағы оқу-әдістемелік жұмыстың жағдайы мен нәтижелерін талдау, оны жетілдіру бағыттарын анықтау. Оқыту процесіне үздік, жаңашыл идеяларды енгізу;

    6) тыңдаушыларды қазақ тіліне қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;

    7) қызметтің түрлі салаларына (медицина, экономика, құқықтық және т.б.) тән оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;

    8) орталықтарды оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

    9) орталықтардың әдіскерлері мен оқытушыларының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, олардың жаңа оқыту технологияларды меңгерулерін қамтамасыз ету;

    10) оқытушылар мен әдіскерлерді аттестаттау жұмысын ұйымдастыру;

    11) «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» КҚ және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша ынтымақтастық орнату;

    12) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі әдістемелік жұмыс тобының жұмысын үйлестіру;

    13) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуші дербес тұлғалармен өзара әрекеттестікті күшейту;

    14) ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша жұмыстарды үйлестіру.

    15) үйлесімді тілдік орта құру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;

    16) этно - мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен этностардың ана тілдерін оқыту мәселелері бойынша ықпалдастықты арттыру, тілдік орта қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды іске асыру;

    17) шет елдерде тұратын қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау мен дамытуға практикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

    18) мемлекеттік және Қазақстан халқы тілдерін дамытудың өзекті мәселелері бойынша іс - шаралар (республикалық (халықаралық) конференция, семинар, дөңгелек үстел, байқаулар) өткізу;

    19) этно-мәдени бірлестіктермен және мемлекеттік емес ұйымдармен мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша өзара байланыс орнату, оларға мемлекеттік, ағылшын және ана тілдеріне оқыту, тіл оқытатын орталықтар құру, кешенді оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу мәселелері бойынша қолдау көрсету;

    20) өңірлердегі мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының тіл оқыту процесіне қатысты жұмыстарын үйлестіру;

    21) этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер мен қоғамдық бірлестіктердің этностардың ана тілдерін оқыту бағытындағы жұмыс тәжірибелерін жинақтау және тарату;

    22) Министрлікке бағынысты мекемелермен тіл оқыту саласында ынтымақтастық орнату;

    23) Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның жанындағы әдістемелік жұмыс тобының қызметін үйлестіру;

    24) Tilalemi порталы, электрондық базалардың жұмысын ұйымдастыру;

    25) мемлекеттік тіл саясатын іске асыру процесінің ақпараттық технологиялармен кіріктірілуін (интеграция) қамтамасыз ету;

    26) қазақ тілін өз бетінше оқуға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшалар, интернет платформалар әзірлеу;

    27) тіл оқыту процесінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Tilqural.kz» базасын жетілдіру;

    28) Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін оқыту және ілгерілетуге бағытталған «Абай институты» ашық білім беру-танымдық жобасын жетілдіру;

    29) басқарма бағыты бойынша шығарылатын кітап өнімдерін (ересектер үшін) әзірлеу, басып шығару және тарату;

    30) қазақ тілі ұлттық корпусының жұмысын ұйымдастыру;