Лингвистикалық жұмыс басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың міндеттері:

    1) осы Ережедегі жүктелген міндеттер мен функцияларды толық және сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

    2) өзінің құзыреті аясында Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа өкімдердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету

    Басқарманың функциялары:

    1) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарына қатысты нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді үйлестіру;

    2) мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия жұмысын өз құзіреті шегінде қамтамасыз ету;

    3) мемлекеттік бағдарлама аясында латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту жұмыстарын үйлестіру;

    4) мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жанындағы жұмыс топтарының (орфографиялық, терминологиялық, техникалық сүйемелдеу жөніндегі) қызметін қамтамасыз ету;

    5) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру;

    6) Техникалық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобымен өзара іс-қимыл орнату;

    7) латын графикасы негізіндегі әліпбиді IT технологияларға және ақпараттық кеңістіктерге бейімдеу жұмыстарына қатысу;

    8) қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің базасын жаңа әліпбиге көшіру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

    9) азаматтардың паспорттары мен жеке куәліктерін, басқа да құжаттарды жаңа әліпбиге көшіру жұмыстарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып үйлестіру;

    10) мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың іс қағаздарын жаңа әліпбиге көшіру жұмыстарын үйлестіру;

    11) статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттамаларды жаңа әліпбиге көшу жұмыстарын үйлестіру;

    12) республиканың кітап қорын латын графикасына көшіру жұмыстарын үйлестіру;

    13) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын іске асыру жөнінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара ықпалдасу және оларға кеңестік қызмет көрсету;

    14) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын іске асыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілермен өзара бірлікте жұмыс жүргізу;

    15) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары бойынша іс-шараларды үйлестіру (конференция, семинар, дәріс, дөңгелек үстел, отырыстар т.б.);

    16) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты өңірлердегі тіл оқыту орталықтарымен өзара іс-қимыл орнату;

    17) латын графикасына көшу жұмыстарын әдістемелік жағынан қамтамасыз етуде курс жұмыстарын ұйымдастыру;

    18) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты халықаралық тәжірибені зерделеу, шетелдермен байланыс орнату;

    19) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді мектепке дейінгі мекемелерге және орта білім беру мекемелеріне енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

    20) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына және жоғары оқу орындарына енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;

    21) әліпби және емле ережелері бойынша оқытушыларға, әдіскерлерге арналған оқу құралдарын әзірлеуді үйлестіру;

    22) жалпы халыққа арналған әліпбиді және оның емле ережелерін меңгертудің оқу құралдарын, сөздіктер, анықтамалықтар әзірлеуді қамтамасыз ету;

    23) жаңа әліпбиді, емлені енгізуге байланысты имидждік, насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

    24) қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты БАҚ-та жарияланған мақалаларға талдау жасау;

    25) тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

    26) Республикалық терминология комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

    27) Республикалық терминология комиссиясының хабаршысын әзірлеуді қамтамасыз ету;

    28) салалық терминологиялық секциялардың жұмысын ұйымдастыру;

    29) терминология мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу;

    30) салалық терминдерге лингвистикалық сараптама жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

    31) терминология саласын жетілдіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

    32) терминологиялық салалық сөздіктер әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

    33) терминдерді латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру жұмыстарын ұйымдастыру;

    34) ғылыми негізделген терминологиялық электрондық база құру жұмыстарын ұйымдастыру;

    35) терминология саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру;

    36) қоғамдық ұйымдармен қазақ тілі терминологиясын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық орнату;

    37) халықаралық ұйымдармен терминология мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру.

    38) терминология мәселелеріне қатысты кітап өнімдерін әзірлеу, басып шығару және тарату;

    39) termincom.kz, emle.kz элеrтрондық базаларының жұмысын ұйымдастыру;

    40) «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының жұмысын жетілдіру;

    41) қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлін күшейтуге қажетті әдістемелік, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

    42) ғылыми-лингвистикалық құрылымдармен байланыс орнату;

    43) ғылыми-лингвистикалық мәселелерге арналған іс-шаралар ұйымдастыру;

    44) Комитеттің құзіреті шегінде ономастика мәселелері бойынша тапсырмаларды іске асыру;

    45) тіл мәдениетін жетілдіруге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру;

    46) Министрліктің даму, операциялық жоспарларына қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру және терминология, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру жұмыстарына қатысты ұсыныстар енгізу.