Төтенше жағдайлардың жою басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Міндеттері:

    1) төтенше жағдайларды жою саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

    2) өз құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік, салалық бағдарламаларымен және тұжырымдамаларымен, Стратегиялық жоспарымен, жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі арасындағы жыл сайынғы меморандумдармен көзделген іс-шараларды, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен сектораралық келісімдерді қалыптастыруды және одан әрі практикалық іске асыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;

    3) төтенше жағдайларды жоюға жедел ден қою мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

    4) төтенше жағдайларды жою саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

    5) қызметтік жұмысының бағыты бойынша жыл сайынғы талдаулар жүргізу;

    6) қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабардар ету;

    7) төтенше жағдайларды жою саласындағы жедел жоспарлау мәселелері бойынша Департаменттің аумақтық органдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің қызметіне басшылық ету;

    8) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын дайындау;

    9) құзыреті шеңберінде Департаменттің өткізетін халықаралық оқу-жаттығуларды, Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды («Көктем», «Қыс», «Жер»), штабтық жаттығуларды жоспарлау, әзірлеу, дайындау;

    10) «Қазқұтқару» құтқару бөлімшелерімен жиын-семинарларын ұйымдастырады және өткізеді;

    11) кинологиялық есептеулердің сертификаттық сынақтарын ұйымдастырады және жүргізеді;;

    12) «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру;

    13) «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» біліктілігін беру;

    14) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;

    15) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөлу және пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау;

    16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

    17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету жөнінде ұсыныстар дайындау;

    18) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

    19) Департаменттің жедел-құтқару жасақтарын төтенше жағдайларды жоюға дайындау және әзірлікте ұстау;

    20) Департаменттің Төтенше жағдайларды жоюға қажетті күштері мен құралдарының санын айқындау;

    21) төтенше жағдайларды жою саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және қолдану;

    22) «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі мен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының жедел-қызметтік жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру;

    23) Облыстық Терроризмге қарсы орталығымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Департаменттің қызметін ұйымдастыру;

    24) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай жұмыстарын ұйымдастырады:

    шомылу маусымдарында және күзге, қысқы кезеңдерде елдің су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    25) Төтенше жағдайлар департаменттерінің, жедел-құтқару жасақтарының және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының жедел-қызметтік жұмысын тексеруге қатысады.