Лицензиялау және персоналдың біліктілігі басқармасы
Лицензиялау және персоналдың біліктілігі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады: атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауды; Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес персоналды аттестаттауды ұйымдастыру; рұқсатнамалық бақылауды жүзеге асыру; атом энергиясын пайдалану саласында рұқсаттардың электронды тізілімін жүргізуді; қызмет істеу ережесіне сәйкес рұқсатнамалар және хабарламалар мемлекеттік жүйесін жүргізуді; рұқсаттар және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында нормативтік құқықтық актілерді жасауды және қажет жағдайда өзге құзыретті мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асыруды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олармен нақты қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға рұқсатты алу қажеттілігі немесе қажетсіздігі жөнінде қорытынды беруді.