Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы
Жалпы ақпарат
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті» РММ (бұдан әрі-Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туралы ережені, Министрліктің регламентін, оның алқасының шешімдерін, Министрдің, министрлік аппараты басшысының, Комитет төрағасының бұйрықтары мен хаттамалық тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік Аппаратының Басшысы бекітеді.