Еңбек заңнамасы басқармасы

    Жалпы ақпарат
    1. Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті» РММ (бұдан әрі-Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады.
    2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, Министрлік туралы ережені, Министрліктің регламентін, оның алқасының шешімдерін, Министрдің, Аппарат басшысының бұйрықтары мен Нұсқауларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы бекітеді.