Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы
Материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Міндеті: атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
ядролық материалдар және иондандырушы сәулелену көздерін бақылау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функциялары және құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау, Қазақстан Республикасындағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының жобаларын іске асыруды үйлестіру, ресімдеу және техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің өңіраралық және Ұлттық жобаларын үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен атом энергиясын пайдалану саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ядролық материалдар мен уран өнімдері туралы мәліметтер базасында қамтылған мәліметтерді ұсынады;
атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті алушының атом энергиясын пайдалану саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізеді, оларды қарау қорытындылары бойынша қорытынды береді;
атом энергиясын пайдалану саласындағы ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
иондаушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;
ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондаушы сәулелену көздерінің, жабдықтар мен тиісті тауарлардың экспорты мен импортына және оларды өндіруге байланысты қосарланған қолдану (тағайындау) технологияларына, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге лицензия беруді келіседі
ядролық материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
иондаушы сәулелену көздерінің болуы, орналасуы және орын ауыстыруы туралы алынған ақпаратты талдауды және салыстырып тексеруді жүзеге асырады және оны иондаушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
жеке және заңды тұлғалар ұсынатын уран өнімі мен ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы деректерді алдын ала хабарламаларда, хабарламалар мен есептерде алдыңғы деректермен салыстырып тексеруді жүргізеді;
уран өнімі мен ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы, жеке немесе заңды тұлғаның тіркеу деректері туралы, атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензияның болуы, экспортқа немесе импортқа лицензияның болуы туралы алдын ала хабарламаларда, хабарламаларда және есептерде жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпаратқа тексеру жүргізеді;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Қазақстан Республикасының аумағында атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік, Мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Комитет әзірлеген және (немесе)қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге қатысты (оның ішінде іске асыруды Басқарма құзыреті шегінде Комитет жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) құқықтық мониторинг жүргізеді;
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің стратегиялық және операциялық жоспарларына стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, ұсыныстарды әзірлеуге, іске асыруға қатысады;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларына актілер мен жауаптардың жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында көрсетілген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Төрағасының бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.