ҚР ОМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласын бақылау және лицензиялау басқармасы

    Басқарма туралы

    Басқарманың құзыреті шегінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер (бұдан әрі – Департаменттер) іске асыратын мемлекеттік бақылау жүйесін қалыптастыру жолымен мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысу болып табылады.