Аумақтық жұмысты бақылау және үйлестіру басқармасы

    Жалпы ақпарат
    1. Аумақтық жұмысты бақылау және үйлестіру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
    2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) туралы ережені, Министрліктің регламентін, оның алқасының шешімдерін, Министрдің, аппарат басшысының бұйрықтары мен нұсқауларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аппаратының басшысы бекітеді.