Коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, қайта жаңартуды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;
Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлеу;
Жылыту маусымына дайындық және өту барысын мониторингілеу;
Елді мекендер шегінде жылумен жабдықтау саласында (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне мониторинг жүргізу және талдау, салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;
Мемлекеттік, салалық (секторалдық) және Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
ХҚҰ-мен әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша коммуналдық кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын толықтыру арқылы жобаларды бірлесіп қаржыландыру тетігі бойынша бюджетті жоспарлауды жүзеге асыру.