ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы
Десанттық-шабуылдау әскерлері:
әскери-саяси жағдайлардың күрт өзгеруі кезіндегі дағдарысты жедел шешуге;
мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау мақсатында кенеттен туындаған жағдайларды орындауға және операция бағытына әскерлерді топтастыруды нығайтуға арналған.
Елде және сырт жерлерде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға қатыса алады.
Бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген бағыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын тұрады. Олардың құрамына десантты-шабуылдаушы бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалар, сондайақ арнайы бөлімдер, тыл және техникалық қамтамасыз ету бөлімдері кіреді.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің арнайы мақсаттағы дербес инженерлік-саперлік жасағы 2003-2008 жылдар аралығында Ирак Республикасында бейбітшілік және қауіпсіздікті сақтау бойынша Коалициялық күштер құрамында бітімгершілік миссияны атқарған болатын.
Бітімгершілеріміздің кәсіптігі мен жауынгерлік шеберлігі шетел мемлекеттері мен Коалициялық күштердің қолбасшылығымен жоғары бағаланды.