Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы
Жалпы ақпарат
Функциялары:
- Департаменттің құрлымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) кадр саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, ТЖМ-ге осы қызметтің жай-күйі және нәтижелері туралы ақпараттандырады, кадр жұмысы мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік басшылықты жүзеге асырады;
- Департаменттің бөлімшелерінде кадр саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;
- ТЖМ-ге кадрлармен жұмыс жасауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- ТЖМ Қазақстан Республикасының заңнамаларына, басқа да нормативтік-құқықтық а ктілеріне қызметті өткеру, Департамент бөлімшелері жеке құрамының қатардағы және басшы құрамын зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзергістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Департаментте даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
- ТЖМ мен мүделлі мемлекеттік органдарға белгіленген нұсқа бойынша тиісті статистикалық есепті ұсынады;
- Департаменттің Жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді;
- Басқарманың ағымды және перспективалық жоспарларын әзірлейді
- кадрлармен жұмыс жасау жағдайын кешенді зерделеуді жүзеге асырады, іріктеу, орналастыру, кадрлардың ауысуы мен тұрақсыздығын төмендету, қызметкерлерді оқыту және тәрбиелеу бойынша шаралар қабылдайды;
- жұмыстың жағдайын талдап, оқу мен қызметке кандидаттарды іріктеп алу сапасын жоғарылату жолымен білімі, жасы, қызмет өтілі бойынша, уақтылы және сапалы аттестаттау арқылы сапалы кадрлар құрамын жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды;
- кадрлар жұмысының алдыңғы қатарлы түрлері (жаңа) мен әдістерін кеңінен таратып, қорытып, талдауды жүзеге асырады, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде семинарлар мен кеңестер өткізеді;
- ТЖМ, нұсқаулары мен сауалдарын орындау мақсатында талдау, ақпараттық, анықтамалық және басқа да материалдарды дайындау жұмысын жүзеге асырады, есептерді толтырады;
- кадрмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын өз уақытында және сапалы қарастыруды қамтамасыз етеді.
- Департаменттің штаты мен құрылымын жетілдіру, үлгілік ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарға, штаттық санның нормативтері мен лимиттеріне сәйкес Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызмет салалары бойынша жүктемелердің талдауымен негізделген қолда бар штаттық санды оңтайлы пайдалану бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Департаменттің барлық деңгейдегі штат санына есеп жүргізеді.