Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы
1) Басқарма қызметке кандидаттарды алдын ала зерделеуді және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;
2) Департамент кадрларын жинақтауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, кадрларды қызметке бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;
3) мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады;
5) АҚО қызметкерлерінің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
6) Департамент қызметкерлері мен әскери қызметкерлерінің әскери және арнаулы атақтарын беру туралы материалдарды қарап ресімдейді, номенклатураға сәйкес Министрлікке материалдарды жолдайды;
7) Департамент қызметкерлері лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын әзірлеуге ұсыныс енгізеді;
8) Департаменттен шығарылған тұлғаларға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады;
9) Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғалардың дербес және статистикалық есебін қалыптастырады, қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі бойынша архивтік-іздестіру және анықтамалық қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
10) Департаменттің жеке құрамымен қызмет өткеру мәселелерімен байланысты еңбек даулары бойынша материалдарды қарайды;
11) Департамент қызметкерлерін марапаттау жұмысын ұйымдастырады;
12) шекті жасына жеткен қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;
13) Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
14) кадрлық резервке енгізуге ұсынылған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілердің материалдарын дайындайды;
15) мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («Е-Ќызмет» ақпараттық жүйесі) есепке алуды жүзеге асырады;
16) кадрлармен жұмыс бойынша жиынтық есептер мен мәліметтерді зерделейді және талдайды, олардың негізінде ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындап, мүдделі мемлекеттік органдар мен Министрлік белгіленген нысан бойынша тиісті статистикалық есептілікті ұсынады;
17) Департамент қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған және тиісті тәртіпте әскери есептен алып тасталған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізуді жүзеге асырады;
18) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
19) Департаменттің және оның бөлімшелерінде кадрларды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
20) Министр бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық қамтамасыз етуді және кадр саясаты жұмысының сапасына баға беруді жүзеге асырады.