ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы
Міндеттері:
1) технологиялар дамуының қазіргі заманғы деңгейін ескере отырып, ҚАЖ-да цифрландыру, жасанды интеллект, телекоммуникация желілері, байланыс және роботтандырылған техника салаларында бірыңғай саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
2) цифрландыру, жасанды интеллект, телекоммуникация желілері, роботтандырылған техника және байланыс салаларында ҚАЖ қызметін техникалық қамтамасыз ету;
3) ҚАЖ-ды цифрландыру, жасанды интеллект, телекоммуникация желілері, роботтандырылған техника және байланыс салаларында дамыту;
4) қызметтің тиімділігі мен басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологиялары мен деректер аналитикасын енгізу;
5) инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз ету және ҚАЖ комитетінің цифрлық трансформациясын сүйемелдеу.