Ақпараттық технологиялар басқармасы
Ақпараттық технологиялар басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ұйымның Ережесіне, АТБ Ережесіне, ұйым басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады. Басқарманың негізгі міндеттері Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық-техникалық жобаларды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру. Жүзеге асыруды ұйымдастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүргізу, Департаменттің ақпараттық жүйелерін іске қосу және пайдалану бойынша жедел ынтымақтастықты жүзеге асыру; Департаменттің ақпараттық жүйелердің және серверлік, компьютерлік, телекоммуникациялық, желілік жабдықтардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету. Департаменттің ақпараттық жүйелерінің, соның ішінде бағдарламалық-аппараттық кешеннің және технологиялық жабдықтардың қызметі үшін бюджеттік қаражаттарды жоспарлау; құрылымдық бөлімшелерінің сұранымдарының негізінде жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімін құрастыру үшін материалдар дайындау; ақпараттандыру бағдарламалары бойынша, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін құжаттарды дайындау; Аппараттық, оның ішінде ақпаратты-байланыс жүйелерінің желілік жабдықтарының техникалық қызмет етуін және мониторингін ұйымдатыру; Келісілген келісім-шарттар бойынша ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану бойынша бюджеттік бағдарламаларды орындау мақсатында қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша қызмет көрсетулерді жабдықтаушыларды бақылау; Метериалды-техникалық базаның компьютерлік, серверлік, байланыс жабдықтарының, қосалқы бөлшектерінің және материалдарының есебін жүргізу; Департаменттің ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Нормативтік және методологиялық құжаттарына сйкес ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті жүзеге асыру бойынша шараларды дайындау, қамтамасыз ету және бақылау; Департамент ақпараттық ресурстарының сақталуын, серверлік жабдықтарды, деректер қоймасын, Комитетпен пайдалануға қабылданған белсенді желілік және коммуникациялық жабдықтарды және ақпараттық жүйелерді жүйелік әкімшілендіруді қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің ақпараттарының деректер базасын резервтік көшіру және мұрағаттау.
Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие. Басқарма басшысы Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады; Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.