Ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады: реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады; ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді қарайды және келіседі; "ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығының талаптары сақталмаған жағдайда, пайдаланушы ұйымның сақтамау немесе бас тарту себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы есебін қарайды; пайдаланушы ұйымның оқиғаның себептері, оның мән-жайлары мен салдарлары туралы, сондай-ақ әрекетке немесе іс жүзінде рұқсатсыз қол жеткізуге, рұқсатсыз алып қоюға немесе диверсияға байланысты оқиға болған жағдайда қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы есебін қарайды; пайдаланушы ұйымнан иондаушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жағдайы туралы ақпарат алады; пайдаланушы ұйым ұсынатын жергілікті жобалық қауіп-қатер жоспарын келіседі;ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді; иондаушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді; көрсетілетін қызметті алушының атом энергиясын пайдалану саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізеді, оларды қарау қорытындылары бойынша қорытынды береді; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде Ұлттық қауіпсіздік, Мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.