Управление гражданской обороны ДЧС ВКО

    УГО ДЧС ВКО
    1. Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

    2. Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

    3. облыстық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеу;

    4. азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

    5. азаматтық қорғаныс жоспарын және азаматтық қорғаныс бойынша басқа да жоспарлау құжаттарын әзірлеу және түзету, олардың жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар тарапынан орындалуын бақылау;

    6. азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша ұсыныстар дайындау;

    7. жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдер жобаларын дайындау;

    8. Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласында жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге қатысу;

    9. мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысты басқару пункттерін (қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін) құруы жөнінде Министрлікке ұсыныстар дайындау;

    10. Департаменттің күштері мен құралдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің оқу-жаттығуларына, Ұлттық экономика министрлігінің әскери-экономикалық оқу-жаттығуларына қатысуын жоспарлау;

    11. белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

    12. азаматтық қорғаныс мүддесі үшін азаматтық қорғау құралдарына, техникаға, қорғаныш құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;

    13. қорғаныс құрылыстары қорының, жеке қорғаныш құралдары қорының және азаматтық қорғаныстың өзге де мүлкінің жинақталуын есепке алуды жүргізу;

    14. азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдарды, химиялық, радиациялық және биологиялық қауіпті объектілерді, сондай-ақ олардағы ең көп жұмыс істейтін ауысымның санын азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жоспарлау мақсатында есепке алуды жүргізу;

    15. азаматтық қорғаныс саласында халық пен мамандарды оқытуды және білімді насихаттауды ұйымдастыру;

    16. азаматтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;

    17. қалаларды азаматтық қорғаныс топтарына, ұйымдарды азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызу жөнінде Министрлікке ұсыныстар дайындау;

    18. облыстық азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қатысу;

    19. Департаменттің жұмылдыру даярлығы жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;

    20. Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің жұмылдыру тапсырмаларын айқындау жөнінде Министрлікке ұсыныстар дайындау;

    21. Департаменттің жұмылдыру жоспарын, Департаментті жұмылдыру кезеңінде өрістету жоспарын және басқа да қажетті жұмылдыру құжаттарын әзірлеу және нақтылау;

    22. жұмылдыру (толықтыру) және жауынгерлік әзірлікке келтіру жоспарын келісу;

    23. жұмылдыру кезеңінде, әскери жағдай енгізілген кезде және соғыс уақытында Департаменттің әскери міндетті қызметкерлерін броньдауды жүзеге асыруға қатысу;

    24. соғыс уақытына арналған Департаменттің, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және арнайы құралымдарының құрылымы мен штаттары жобалары бойынша ұсыныстар дайындау;

    25. тіркелген құрам бойынша жасақтау есептерін жүргізу және оларды әскери басқару органдарына ұсыну, Департаментті жұмылдыру (толықтыру) үшін арналған тіркелген құрамды зерделеу;

    26. азаматтық қорғаныс, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы мәселелері бойынша Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін жиындарды, оқу-жаттығулар мен жаттығуларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу;

    27. Департаменттің басқару органдарын, қолданыстағы және жаңадан құрылатын арнайы құралымдарын жұмылдыру (толықтыру) үшін арналған жұмылдыру резерві (ұзақ мерзімді сақтау) қорларының жинақталуын, сақталуын және мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

    28. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

    29. Министрліктің жұмылдыру органының ережесінде айқындалған өкілеттіктер шегінде құпия жұмылдыру іс жүргізуін жүзеге асыру;

    30. облыс аумағында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

    31. Департамент бөлімшелерін әскери техникамен, қару-жарақпен, әскери және өзге де мүлікпен, радиациялық және химиялық барлау мен бақылау аспаптарымен жарақтандыру нормалары бойынша ұсыныстар енгізу;

    32. Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді дайындау және тиісті ұсыныстар енгізу.