Мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Басқарма өз қызметінде республикалық бюджет қаражаты есебінен тауарларды, қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға, осы қаражатты тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімін реттеуге бағытталған іс-шараларды өткізу, конкурстық комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіруді жүзеге асыру, Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару бойынша тендер өткізуді ұйымдастыру міндеттерін шешеді. Сондай-ақ министрліктермен және ведомстволармен, өзге де орталық атқарушы органдармен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

    Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын», ҚР Қаржы министрі 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 648 бұйрығымен бекіткен «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын» өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.