ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы

    Общая информация

    Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен уақытылылық мониторингін жүзеге асыру; салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жасау, салық төлеушілердің мемлекеттік мәліметтері базасын қалыптастыру жұмыстарын қадағалау, реттеу; салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің және әлеуметтік аударымдар түсімдерін анықтап, уақытылы есепке алынуын қадағалау; салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі жөніндегі салық органы бойынша мәліметін Қазынашылық органынан келген электронды құжаттармен салыстыру; мемлекеттік кірістер органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасының сақталуын қадағалау; Департаменттің аумақтық бөлімшелеріндегі "Кезекті электронды басқару" жүйесінің жұмысын қадағалау; бақылау-кассалық машиналарын тіркеу, есептен шығаруына бақылау жасау; салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес-процесстерін жаңғыртуға, жеңілдетуге қатысу; бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдер түсіміне, салықтық емес төлемдерге, әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік қорларға түсуіне қадағалау жасау; артық төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу және қайтару жұмыстарын, дербес шоттарды жүргізу; төленген кедендік төлемдер , салықтар және өсімпұлдар бойынша жеке шоттарға бақылау жасау;