Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының негізгі міндеттері:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жол берілетін бұзушылықтардың себептерін анықтау, алдын алу және жою; жүргізілген бақылау нәтижелері негізінде мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де сипаттағы ұсынымдарды әзірлеу; ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына жеке, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді (резидент еместерді тіркеуге ғана қатысты) енгізу бойынша бақылауды қамтамасыз ету; салық төлеушілерді, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебіне қою және алу бойынша бақылауды қамтамасыз ету (айналымнан асып кеткен жағдайды қоспағанда - АЕК 30 000 еселенген мөлшерінен асатын болса-әкімшілік құқық бұзушылықты басқаруды бақылау; деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының, модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының (ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда), төлем карточкаларын (POS - терминал) пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) қолданылуын бақылауды жүзеге асыру); Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасын қолдану заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету; салық құпиясын және таратпау шарттарын және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған ақпарат пен мәліметтердің құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінде белгіленген әдеп талаптарын және мінез-құлық нормаларын сақтау.