Мемлекеттік активтер және бухгалтерлік есеп басқармасы

    об управлении

    Басқарманыңфункциялары:

    1) инвестициялық жобаларды бюджеттеу жөніндегі жоспар мен стратегияны құру, қаржы ресурстарын бөлу, инвестициялық жобалар қаражатын жұмсау жөніндегі қағидалар мен нормаларды белгілеу, қаржы ресурстарын бөлуде басымдықтарды белгілеу, инвестициялық жобалар қаражатының жұмсалуын басқару, әрбір инвестициялық жобаның индикаторларына қол жеткізу үшін міндеттерді, еңбек шығындарын, материалдық шығындар мен тұрақты шығыстарды белгілеу;

    2) жобаларды ілгерілету, бюджеттеу жөніндегі жоба элементтерінің ілгерілеуі, инвестициялық жобалардың осы элементтерін оның тиімділігін бағалау үшін тіркеу мақсатында инвестициялық жобалардың жоспарлары мен стратегияларының оларды бюджеттеу бөлігінде орындалуын бақылауды, талдауды және мониторингті жүзеге асыру;

    3) Комитет қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеу және Министрліктің орталық аппаратымен келісіп, бекіту;

    4) комитеттің салық берешегінің мониторингін жүзеге асыру;

    5) Комитеттің мүлкін есепке алуды қамтамасыз ету;

    6) бюджеттің атқарылуы бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жартыжылдық және жылдық бюджеттік және қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;

    7) Комитет және бассейндік инспекциялар (іс-сапарлар) қызметкерлерімен есептеулер бойынша есеп жүргізуді қамтамасыз ету;

    8) жалақыны, демалыс, сыйлықақы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды, демалысқа сауықтыруға арналған жәрдемақыларды; әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік салықты; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу мен аударуды және басқаларын уақтылы және сапалы есептеу және аудару;

    9) Комитеттің талдамалық және синтетикалық бухгалтерлік есебін ұйымдастыру;

    10) мемориалдық ордерлерді, Бас кітапты құрастыру;

    11) бухгалтерлік есептілікті жүргізу, шығыстардың түрлері бойынша жиынтық (шоғырландырылған) есептілікті жасау және оны белгіленген мерзімде Министрліктің орталық аппаратына ұсыну;

    12) комитеттің түгендеуін жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу;

    13) жарамсыздыққа, жетіспеушілікке, шығындарға және тоқтатылған жұмыстарға түскен негізгі құралдарды баланстан есептен шығару бойынша материалдарды қарау;

    14) Министрліктің орталық аппаратына дебиторлық және кредиторлық берешек туралы тоқсандық есептілікті жасау және ұсыну;

    15) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасау;

    16) тиісті органға өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы тоқсандық және жылдық есептілікті жасау және ұсыну;

    17) бағдарламалар бойынша шарттарды тіркеуді қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес жүзеге асыру, міндеттемелерді тіркеуге өтінімдерді ресімдеу және міндеттемелерді тіркеу туралы хабарлама (тапсырыс) беру;

    18) жеткізілген тауарға, орындалған жұмысқа (оның нәтижелеріне), көрсетілген қызметке, сондай-ақ келісімшартты орындаудың жекелеген кезеңдеріне ақы төлеуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша "веб. парталда" жұмыс атқарады;

    19) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде активтердің сақталуы жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

    20) су ресурстарын басқару саласындағы қызметтерге баға белгілеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қарау және келісу;

    21) су шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және жүзеге асырады;

    22) осы міндеттер шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.