Су ресурстарын мемлекеттік есеп және кадастр басқармасы
Басқарма міндеттері:
1) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге қатысу;
2) өз құзыреті шегінде аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
3) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Басқарма функциялары:
1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады;
2) су ресурстары мен су шаруашылығы баланстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындауға қатысады;
3) су объектілерінің мемлекеттік есебін және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды, судың мемлекеттік есебін және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
4) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын жасайды және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
5) суды бастапқы есепке алу ережелерін әзірлейді;
6) мемлекеттік су кадастрын әзірлейді;
7) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
8) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдамалық жүйесін құруға қатысады;
9) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлеуге қатысады;
10) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
11) ведомстволық бағынысты ұйымдардың су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су көлемінің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығына, суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің болуына, жарамды жай-күйіне және сақталуына, су пайдаланушылардың есептіліктің белгіленген мерзімдерін сақтауына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіреді;
12) мүдделі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік су кадастрындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
13) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштер мен экономика салаларын дамыту және орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі мәніне келіседі;
14) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;
15) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
16) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарды жасасу және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;
17) Басқарманың құзыреті шеңберінде су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
18) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жұмыс органының жұмысына қатысады, реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді келісуден өтуге қатысады;
19) Басқарма қызметінің бағыты бойынша нормативтік құқықтық актілерге (ҚР Үкіметінің қаулылары, Министрліктің бұйрықтары) мониторинг жүргізеді;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.