Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Функциялары:

    • қауіп-қатерлерді алдын алу саласында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
    • мүдделі мемлекеттік органдармен Басқарманың құзыретіне кіретін дүлей зілзалалар бойынша өзара жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
    • қауіпті табиғи құбылыстарға, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға мониторинг және олардың болжамын жүргізетін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
    • Алматы облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету;
    • орталық және жергілікті атқарушы органдармен халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық және салаларалық іс-қимыл жасау
      жай-күйін талдау және оны дамыту;
    • қауіп-қатерлерді төмендету үшін жер бетінен және ғарыштық мониторинг жасау (байқау, болжау, бақылау қызметтері) жүйелерін қолдану жай-күйіне, оны дамытуға және ұйымдастыруға талдау жасау;
    • жергілікті атқарушы органдардың, Министрліктің аумақтық органдарының және «Қазселденқорғау» ММ-нің елді мекендер мен шаруашылық жүргізу объектілерін селден, көшкіннен, қар көшкінінен, су тасқынынан, су басудан және жер сілкінісінен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуіне талдау жасау;
    • облыстағы өрт қауіпсіздігі жай-күйіне талдау жүргізу және Департаменттің

    аудандық бөлімшелеріне арналған ұсынымдар, сондай-ақ Министрлік басшылығына нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    • объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді құру және олардың қызметі бойынша жұмысқа талдау жасау;
    • азаматтық қорғау саласында оқыту мен насихаттауға талдау жасау және Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне арналған ұсынымдар әзірлеу;
    • өрттерді есепке алуды жүргізу;
    • төтенше жағдайлардың алдын алуға Әкім резервінен қаражат бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың сұрауларын белгіленген тәртіппен қарау, тиісті шешімдердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшылығының қаралуына дайындау, әкімдікке кейіннен белгіленген тәртіппен ұсына отырып енгізу;
    • қауіп-қатерлерді төмендету саласында мемлекеттік органдарды хабарландыруды, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
    • Министрлік Алқасының отырыстарына Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар, ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;
    1. Міндеті: өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекетітк бақылауды жүзеге асыру.

    Функциялары:

    • Департаменттің лауазымды адамдары, Департаменттің аудандық және қалалық органдары жүзеге асыратын өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
    • айрықша тәртіп бойынша жартыжлдық тексерулер кестелерін әзірлеу;
    • министрліктер мен ведомстволардың өртке қарсы жай-күйін тақырыптық тексерулерді ұйымдастыру және бақылау;
    • қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты тіркеуді, қарауды жүзеге асыру және олар бойынша шешімдер қабылдау;
    • Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінде есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;
    • Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінде әкімшілік заңнаманың құқық қолдану тәжірибесінің заңдылығының сақталуын бақылауды және оны жетілдіруді жүзеге асыру;
    • Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Бірыңғай тексерулер жүйесі» ақпараттық жүйесін іске асыруын үйлестіруді жүзеге асыру;
    • жалпы білім беру және кәсіби білім беру бағдарламалары, интерактивтік сабақтар шеңберінде ақпараттандыру және өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту мәселелері бойынша білім Басқармасымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;
    • өрт қауіпсіздігі саласындағы «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сынағы зертханаларының қызметін үйлестіру.
    1. Міндеті: азаматтық қорғау саласында салаларалық үйлестіруді және
      іс-шаралар әзірлеуді жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1) Комитеттің апаттардың туындау қаупін барынша азайтуға, оның ішінде климаттың өзгеруі жағдайында, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, өз құзыреті шегінде материалдық шығындар туындаған жағдайда олардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін (құрылымдық және құрылымдық емес шараларды) әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

    2) халықты қорғау бойынша шараларды қабылдау, өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардан объектілердің жұмыс істеуін орнықтыружәне қауіпсіздігін көтеру;

    3) жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар
    мен қоғамдық бірлестіктердің зілзала тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;

    4) Министрліктің сұратуы бойынша апаттар тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілер мен стандарттардың, техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

    5) аумақтарды және объектілерді төтенше жағдайлардан қорғаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысу (тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстары);

    6) мүмкін төтенше жағдайларды аумақтарды жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізу;

    7) азаматтық қорғау саласындағы тәуекелдерді басқаруды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу;

    8) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеуді ұйымдастыруға сұрау салу бойынша қатысу.

    1. 8. Құқықтары мен міндеттері:
    • өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
    • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және мәліметтерді сұрату және алу;
    • Департаменттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы жұмыстың жай-күйіне нысаналы және тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру, тақырыптық тексерулерге дайындалуға және жүргізуге қатысу;
    • Басқараманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық зерттерулерінің, тексерулер мен қызметтік тексерістердің нәтижелері бойынша аумақтық бөлімдер мен басқармалардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ нақты лауазымды адамдардың қызметіне баға беру;
    • аудандық және қалалық органдардың жетекшілік ететін бөлімшелерінің басшыларын тыңдау, Департамент басшылығында аудандық ТЖ бөлімдері мен қалалық ТЖ басқармасының, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тыңдау туралы ұсыныстар енгізу;
    • Басқараманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
    • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
    • қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.