Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
1) заңнамаға сәйкес өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) өрт қауіпсіздігі саласында тексерулерді ұйымдастыру;
3) Алматы қаласының аумағындағы өрттер туралы жыл сайынғы талдауды жүргізу;
4) аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау қызметінің тиімділігі туралы жыл сайынғы талдауды жүргізу;
5) өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, өндірісіне оның ішінде заңдылықтың және құқық қолдану практикасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
6) аумақтық бөлімшелерде ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйелердің іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру;
7) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
8) объектіні ішінара немесе толық пайдалануды тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздарды заңнамада белгіленген тәртіппен жасау және сот органдарына жіберу;
9) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүзеге асырылатын ғимараттарды, құрылыстарды электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау туралы материалдарды сот органдарына жіберу;
10) ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық графиктерін белгіленген тәртіппен әзірлеу және бекіту;
11) аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жедел-қызметтік жұмысын кешенді тексеруге қатысу;
12) өрт қауісіздігі саласында оқыту мен насихаттауды жүргізу;
13) объектілердің өртке қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған Департаменттің жұмыс жоспарының көрсеткіштерін қалыптастыру және міндеттерін іске асыру;
14) жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметі мәселелері бойынша басшылық құжаттарды, ақпараттық хаттарды, сондай-ақ ірі өрттерді зерттеу негізінде ұсынымдарды әзірлеу;
15) өрттерді ведомстволық есепке алу;
16) мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;
17) жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және іс-қимылдарын үйлестіру;
18) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша апараттық және жедел кеңес отырыстарына материалдар, ақпараттар, анықтамалар мен шолуларды дайындау