Меншіктің мемлекеттік мониторингі және сенімгерлік басқару басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру; меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту; негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау; өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдау; қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп, кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу; мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу; меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастыру; меншіктің мемлекеттік мониторингінің электрондық дерекқорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету; республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру; республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу; республикалық мемлекеттік меншікке жататын және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін ұсыныстарды тізбеге енгізу үшін келісу; өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келісу; концессия туралы шарттардың негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау; сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген, Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» қатысушыларының сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингін жүргізу бойынша шараларды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мониторинг объектілерді зерттеу, меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша ақпаратты жинау мен талдау, ұсыныстарды әзірлеу, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы республикалық мемлекеттік меншігін сатып алу-сату және сенімгерлік басқару шарттары талаптарының орындалуын бағалау, сондай-ақ меншіктің мемлекеттік мониторингінің электрондық дерекқорын жүргізу бойынша жұмыстарды өткізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тарту; адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;